Бүгін оқу ордамызда ерекше мереке – Мұғалімдер күні жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл күн – барша шәкірт жүрегінен орын алған ардақты жандарға, яғни ұлағатты ұстаздарға деген алғыс пен құрметтің мерекесі. ✨
💃 Кеш ең алдымен әсерлі бимен басталып, залда көтеріңкі көңіл-күй орнады. 🎶 Одан кейін студенттер дайындаған әсем хор шырқалып, ұстаздарға арнау ретінде орындалды. 🎤 Артынша талантты шәкіртіміз жүрекке жеткен нәзік әнін арнады.
🏆 Шараның ең маңызды сәті – ұстаздарды марапаттау рәсімі болды. Ұстаздарымыздың еңбегі бағаланып, алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Бұл – олардың білім жолындағы адалдығы мен қажырлы еңбегіне көрсетілген үлкен құрмет.
Бұл күн – ұстаздардың еңбегіне бас иіп, шәкірт жүрегіндегі алғысты білдірудің сәті. Ұстаз – тек білім беруші емес, өмірімізге жол көрсететін шамшырақ, тұлға тәрбиелеуші.
💐 Барлық ұстаздарымызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, шәкірт тәрбиесіндегі жемісті еңбек тілейміз! Сіздерге деген құрмет пен алғыс ешқашан таусылмақ емес. 🙏
Сегодня в нашем колледже прошёл замечательный праздничный вечер, посвящённый уважаемым учителям. Этот день – особенный праздник благодарности и уважения к тем, кто с любовью и преданностью дарит знания своим ученикам. ✨
💃 Торжество открылось ярким и зажигательным танцем, который сразу подарил всем присутствующим прекрасное настроение. 🎶 Затем прозвучал душевный хор, подготовленный студентами в знак признательности своим наставникам. 🎤 После этого талантливая студентка исполнила трогательную песню, покорившую сердца зрителей.
🎭 В программу также вошли разнообразные сценки и выступления, которые создали праздничную атмосферу и оставили яркие впечатления. 🏆 Завершающей частью вечера стало торжественное награждение учителей, отличившихся в своей работе. Им были вручены благодарственные письма и заслуженные награды.
Этот праздник стал настоящим выражением признательности и уважения к нашим педагогам, ведь учитель – это не только наставник, но и путеводная звезда для каждого ученика.
💐 Дорогие учителя! Желаем вам крепкого здоровья, долгих лет жизни, профессиональных успехов и благодарных учеников! 🙏