Алматы сервис және технология колледжінің 74 жылдығына арналған республикалық еркін күрес турнирінде колледжіміздің студенті Жакия Мирас Омірбекұлы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды.
Аталған турнирге еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар қатысып, өзара мықты бәсеке көрсетті. Жарыс барысында Мирас табандылық пен жоғары дайындық деңгейін танытып, жеңіске деген жігері мен спорттық шеберлігін дәлелдей алды.
Бұл жетістік — спортшының тынымсыз еңбегінің, қажырлы жаттығуларының және жеңіске деген ұмтылысының нәтижесі.
Спортшыны жарысқа дайындаған — колледждің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, жаттықтырушы Қолайберді Санжар Азаматұлы. Оның кәсіби тәжірибесі мен қолдауы жас спортшының табысқа жетуіне үлкен үлес қосты.
Колледж ұжымы Жакия Мирасты жарқын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреді!