Новости

🌐 WorldSkills: Жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктер жолы

Біздің оқу орнымыздың студенттері халықаралық деңгейдегі WorldSkills чемпионатына қатысып, мол тәжірибе жинақтап қайтты. Бұл маңызды сапар олардың кәсіби дағдыларын шыңдап қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

Жарыс барысында студенттеріміз өз білімдері мен шеберліктерін көрсетіп, түрлі құзыреттіліктер бойынша бақ сынады. Әр қатысушы үшін бұл – үлкен жауапкершілік пен баға жетпес тәжірибе болды. Сонымен қатар, олар басқа елдерден келген қатысушылармен танысып, тәжірибе алмасып, заманауи технологиялармен жақынырақ танысты.
Аталған іс-шараға оқу орнымыздың директоры Хушкелдиева С.Б. арнайы барып, студенттерге қолдау көрсетіп, олардың жетістіктеріне куә болды. Бұл қолдау студенттерге ерекше мотивация беріп, өз күшіне деген сенімділігін арттырды.

Осындай халықаралық деңгейдегі жарыстар жастардың кәсіби дамуына үлкен серпін береді. Біз студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және олардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенімдіміз!
👏 Студенттерімізге алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

#WorldSkills #Студенттер #Жетістік #Білім #Жастар #Кәсіп
Made on
Tilda