Новости

«Есте қаларлық биология сабағы»

Колледжімізде 100-топпен биология пәнінен ашық сабақ жоғары деңгейде өтті!

Сабақ барысында студенттер белсенділік танытып, тақырыпты терең меңгеріп қана қоймай, өз ойларын еркін жеткізе білді. Түрлі тапсырмалар, қызықты тәжірибелер мен интерактивті әдістер сабақтың мазмұнын одан әрі байыта түсті. Атмосфера ерекше, білімге деген қызығушылық жоғары болды.

Ашық сабақ өте әсерлі, танымды әрі заманауи форматта ұйымдастырылды. Студенттер үшін бұл тек теория емес, тәжірибемен ұштасқан, есте қаларлық оқу үдерісі болды.

Осындай қызықты әрі мазмұнды сабақ өткізген химия және биология пәндерінің оқытушысы Сулейменова Дильназ апайға шынайы алғысымызды білдіреміз. Кәсібилігіңіз бен шығармашылық ізденісіңіз үшін рақмет!
Осындай сапалы білім мен ерекше форматтағы сабақтар студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыра беретіні сөзсіз! 🌿🔬
Made on
Tilda