Новости

Жыл сайынғы ата-аналар жиналысы

Колледжімізде ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс барысында колледж әкімшілігі оқу орнының жалпы жағдайы, білім беру сапасы, материалдық-техникалық база және алдағы жоспарлар туралы кеңінен ақпарат берді. Студенттердің сабақ үлгерімі, сабаққа қатысуы және белсенділігі де талқыланды.

Сонымен қатар тәртіп мәселесіне ерекше назар аударылды. Студенттердің ішкі тәртіп ережелерін сақтауы, уақытында сабаққа келуі, колледж мүлкіне ұқыпты қарауы және бір-біріне құрметпен қарауы қажеттігі айтылды. Ата-аналарға балалардың тәрбиесінде тәртіп пен жауапкершіліктің маңыздылығы түсіндірілді.

Жиналыс соңында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мұндай кездесулер ата-ана мен колледж арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, студенттердің болашағы үшін бірлесе жұмыс істеуге үлкен мүмкіндік береді.
Made on
Tilda