Новости

Үстел теннисінен спартакиаданың қорытындысы/Итоги спартакиады по настольному теннису

Алматы қаласында Ұлттық колледж лигасы аясында студенттер арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Аталған спорттық іс-шараға қаладағы көптеген колледждердің мықты командалары қатысып, жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Біздің колледждің студенттері бұл жарыста өз оқу орнымызды лайықты түрде таныстырып, жоғары дайындық деңгейін көрсете білді. Жарыс қорытындысы бойынша команда 4-орынға ие болып, Алматы қаласындағы үздік он колледждің қатарына енді.

Әр ойын тартысты әрі қызықты өтті. Студенттеріміз шеберлік, төзімділік, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Қарсыластардың мықтылығына қарамастан, команда жарыстың барлық кезеңдерінде сенімді ойын көрсетті.
Бүгінгі таңда студенттеріміз Ұлттық колледж лигасы аясында үстел теннисінен өтетін жарыстарға қатысуды жалғастыруда және колледж намысын қорғап жүр.
Спортшыларымызды қол жеткізген нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік, жаңа жеңістер мен биік жетістіктер тілейміз! Біз сіздермен мақтанамыз!
В Алматы в рамках Национальной колледж лиги прошли соревнования по настольному теннису среди студентов колледжей. Турнир объединил сильнейшие команды города и стал настоящей проверкой спортивной подготовки, выносливости и командного духа.
Студенты нашего колледжа достойно представили учебное заведение и показали высокий уровень подготовки. По итогам соревнований наша команда заняла 4-е место, уверенно войдя в десятку лучших колледжей города Алматы.

Каждый матч проходил в напряжённой и динамичной борьбе. Наши спортсмены продемонстрировали отличную технику, собранность, стремление к победе и настоящую волю к успеху. Несмотря на высокую конкуренцию, команда уверенно держалась на протяжении всех этапов соревнований.
Сегодня наши студенты продолжают участие в соревнованиях по настольному теннису в рамках Ұлттық колледж лигасы, представляя колледж на городском уровне.
Поздравляем наших спортсменов с достойным результатом и желаем им дальнейших успехов, уверенных побед и новых спортивных достижений! Мы гордимся вами!
Made on
Tilda