Алматы Экономикалық-Құқықтық және Педагогикалық колледжінде педагогтар арасындағы кәсіби шеберлік байқауы жоғары деңгейде өтті!
Бұл байқау — тәжірибе алмасудың, жаңа идеялар мен заманауи әдістемелерді таныстырудың, шығармашылық ізденісті дамытудың тамаша алаңы болды. Колледж ұстаздары модульдер бойынша бейнесабақтар ұсынып, ашық сабақ тәжірибелерімен бөлісіп, өздерінің кәсіби шеберліктерін жан-жақты көрсетті.
Қазылар алқасы әр қатысушының жұмысын мұқият саралап, әділ бағасын берді.
🏆 Жеңімпаздар:
🥇 І орын – Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Сайдахмет Айбек Тұрғанбекұлы Ерекше әдістемесі мен шығармашылық көзқарасы арқылы қазылардың жоғары бағасына ие болды. Почётті грамота және 15 000 теңге сыйақы табысталды.
🥈 ІІ орын – Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы Айтжанова Анара Нурболатқызы Сабақтарындағы тиімді әрі жаңашыл тәсілдері үшін марапатталды. Почётті грамота және 10 000 теңге сыйақы иеленді.
🥉 ІІІ орын – Құқықтық пәндер оқытушысы Халимбетова Жансая Олжасқызы Педагогикалық шеберлігімен ерекшеленіп, қазыларды тәнті етті. Почётті грамота және 5 000 теңге сыйақыға ие болды.
Іле ауданы, Ә. Молдабеков атындағы №6 орта мектебінің информатика пәнінің оқытушысы, педагог-модератор Орашбай Айжан Нұржанқызы болды.
Олар әрбір қатысушының еңбегін әділ бағалап қана қоймай, құнды кәсіби ұсыныстарын да ортаға салды.
✨ Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің еңбектеріңіз — сапалы білімнің, мықты ұрпақ тәрбиесінің кепілі. Шығармашылық шабыттарыңыз сарқылмасын, кәсіби биіктерден көріне беріңіздер! Колледжіміздің абыройын асқақтатып, білім мен тәрбие жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!💫