Біздің колледж наурыз айындағы бірде-бір мерекені назардан тыс қалдырмайды. Көктем мерекелерінің бастауын біз Алғыс айту күнімен ерекше көңіл күйде қарсы алдық.
Таңертеңнен бастап колледжімізде жылы әрі көтеріңкі атмосфера орнады. Кіреберісте аниматорлар студенттерді, оқытушыларды және барлық қонақтарды күлімдеп қарсы алып, шағын сыйлықтар табыстап, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Мерекенің ерекше бөлігі — тілектер қабырғасы болды. Мұнда әркім өз алғысын білдіріп, жақын адамына жылы сөз жазып, стикерді арнайы безендірілген орынға жапсыра алды. Бұл бұрыш шынайы эмоциялар мен ізгі тілектерге толы болды.
Алғыс айту күні — бір-бірімізге ризашылық білдіріп, мейірімділік пен сыйластықты арттыратын ерекше күн. Ал бұл — колледжіміздегі наурыз айының жарқын мерекелерінің тек бастамасы ғана! ✨