Біздің колледжде «Жалын» дебат клубының таныстыру жиналысы өтті. Бұл жиналыс студенттер үшін өте пайдалы әрі танымдық болды. Жиналыс барысында дебаттың не екені, оның мақсаты мен маңызы жан-жақты түсіндірілді. Дебат — бұл өз ойыңды еркін жеткізу, логикалық тұрғыда ойлау, қарсы пікірді құрметтеу және дәлелмен сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын маңызды алаң екені айтылды.
Жиналысты жүргізген ұстазымыз Айбек Сайдахмет «Жалын» дебат клубының бағытымен таныстырып, дебаттың түрлері мен негізгі ережелерін түсіндірді. Ағай дебаттың студенттердің тұлғалық дамуына, сөйлеу мәдениетіне және көшбасшылық қабілетіне үлкен әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар, «Жалын» дебат клубы арқылы студенттер өз білімін шыңдап, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыра алатынын жеткізді.
Аталған жиналыс студенттерге үлкен мотивация беріп, «Жалын» дебат клубына деген қызығушылықты арттырды. Алдағы уақытта клуб жұмысы белсенді түрде жалғасып, жаңа жетістіктер мен жарқын пікірталастарға жол ашады деген сенімдеміз 🔥