Колледжімізде құқықтану факультеті бойынша ашық сабақ жоғары деңгейде әрі өте қызықты форматта өтті!
Сабақ барысында студенттер құқықтық жағдайларды талдап, өз пікірлерін дәлелдеп, заң нормаларын тәжірибемен байланыстыра білді. Пікірталас, ситуациялық тапсырмалар және топтық жұмыстар сабақтың мазмұнын тереңдете түсіп, білім алушылардың белсенділігін арттырды.
Ашық сабақ заманауи әдістермен ұйымдастырылып, болашақ заңгерлер үшін маңызды тәжірибелік алаңға айналды. Студенттер тек теориялық білімдерін көрсетіп қана қоймай, сыни ойлау қабілеттерін де дәлелдеді.
Осындай мазмұнды әрі сапалы сабақ өткізген құқықтық пәндер оқытушысы Халимбетова Жансая Олжасқызына шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздің кәсібилігіңіз, жауапкершілігіңіз және студенттерге деген жанашырлығыңыз – үлкен құрметке лайық!
Құқықтану саласындағы осындай қызықты сабақтар студенттердің болашақ маман ретінде қалыптасуына зор үлес қосады. 👩⚖️✨