16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған тағылымды іс-шара
16 желтоқсан – қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы орындалып, егемен ел атанған қасиетті күні. Осы атаулы мерекеге орай АЕППК колледжінде мағынасы терең, тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ардагерлер арнайы шақырылып, оларға ерекше құрмет көрсетілді.
Іс-шараның басында қонақтарға қазақтың кең дастарханы жайылып, бірінші ас ұсынылды.

Бұл — ел тәуелсіздігі жолында күрескен ардагерлерге деген шынайы алғыс пен ілтипаттың белгісі болды. Ардагерлер студент жастармен еркін әңгімелесіп, өз бастарынан өткен қиын да тағдырлы сәттермен бөлісті. Олардың естеліктері жастарға үлкен әсер қалдырды.
Шараның келесі бөлімінде колледж студенттері дайындаған мәдени бағдарлама ұсынылды. Студенттер ұлттық билерді әсем орындап, тәуелсіздікке, отанға арналған патриоттық өлеңдер оқыды
Сонымен қатар 16 желтоқсан оқиғасына байланысты арнайы қойылым көрсетіліп, сол кезеңдегі жастардың қайсарлығы, батылдығы мен ел үшін жанын пида етуге дайын рухы сахналық көрініс арқылы көрермендерге терең жеткізілді. Бұл көрініс залдағы көрермендерді бейжай қалдырмай, көпшіліктің жүрегіне әсер етті.
Іс-шара барысында тәуелсіздіктің қадірі, бейбіт өмірдің бағасы және бүгінгі ұрпақтың ел алдындағы жауапкершілігі туралы тағылымды ойлар айтылды. Студенттер ардагерлерге сұрақтар қойып, олардың өмірлік тәжірибесінен үлкен сабақ алды.

Шара соңында колледждің білім мен тәрбие беру ісіне белсене атсалысқан мұғалімдер мен шақырылған Желтоқсан көтерілісінің ардагерлері марапатталып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Бұл құрмет — ел тарихында өшпес із қалдырған азаматтарға көрсетілген ризашылықтың айқын көрінісі болды.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді нығайтып, туған елге, тәуелсіздікке деген сүйіспеншілікті арттыра түсті. Осындай тағылымды кездесулер болашақта да өз жалғасын табады деген сенім мол.
Тәуелсіздігіміз мәңгі, егемендігіміз баянды болсын!