Колледжімізде тоғызқұмалақтан колледждер арасындағы тартысты жарыс жоғары деңгейде өтті!💫
Алматы Экономикалық-Құқықтық және Педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен ұлттық зияткерлік сайыс студенттердің логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығын және стратегиялық шеберлігін айқындаған ерекше додаға айналды. Қатысушылар әр партияда өз білімдері мен шапшаң ойлауын көрсетіп, қызықты әрі тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Жарысқа келесі оқу орындарының командалары қатысты:
▪ Алматы Экономикалық-Құқықтық және Педагогикалық колледжі ▪ Авиациялық колледж ▪ Алматы технология және флористика колледжі ▪ Логистика және көлік академиясының Алматы колледжі ▪ Алматы телекоммуникациялар және машина жасау колледжі ▪ UIB көпсалалы колледжі
Ойын барысында қатысушылар ұлттық зияткерлік ойын — Тоғызқұмалақ арқылы өзара шеберліктерін сынап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Авиациялық колледж және Алматы телекоммуникациялар және машина жасау колледжіқалалықкезеңгежолдама алды. Қалалық жарысқа өткен командаларды шын жүректен құттықтаймыз! 👏
Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, ұлттық ойынға деген қызығушылықтары мен құрметтері үшін алғыс білдіреміз. Осындай жарыстар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастардың зияткерлік дамуына үлкен үлес қосады💪