Бүгін колледжімізде дәстүрге айналған Қайырымдылық күні ұйымдастырылып, барша студенттер мен оқытушылар бір мақсат жолында бірікті — көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету.
Бұл күні колледж ұжымы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, азық-түлік өнімдерін жинап, оларды арнайы дайындап, мұқтаж жандарға табыстауға әзірледі. Әрбір үлес — мейірімнің белгісі, әрбір игі іс — жүректен шыққан жанашырлықтың көрінісі болды.
Біз бұл ізгі дәстүрдің жылдан-жылға жалғасып келе жатқанына мақтанамыз. Себебі қайырымдылық — тек көмек көрсету ғана емес, ол адамгершілік, жанашырлық пен бірліктің айқын көрінісі.
Осы игі іске атсалысқан әрбір жанға шынайы алғысымызды білдіреміз! Бірге біз әлемді мейірімдірек ете аламыз.
Жақсылық жасаудан шаршамайық және игі дәстүрімізді бірге жалғастырайық! ✨🤍