Новости

IT INNOVATION LAB

2026-02-20 15:00
Колледжімізде IT Innovation Lab зертханасының салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде өтті!

Акт залында өткен бұл маңызды шара білім мен технологияның, жаңа идеялар мен мүмкіндіктердің тоғысқан алаңына айналды. IT Innovation Lab – студенттердің цифрлық дағдыларын дамытып, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған жаңа орта.

Іс-шара барысында колледж директоры Хушкелдиева Сандуғаш Бақбергенқызы құттықтау сөз сөйлеп, IT командасына сенім білдіріп, алдағы жобаларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, студенттерге халықаралық деңгейде биік белестерді бағындыруға шабыт берді.

Салтанатты жиында халықаралық жобалар бойынша сертификаттар табысталды. Атап айтқанда, ENACTUS Kazakhstan National Expo 2025 және ENACTUS Kazakhstan Business Collaboration Forum Almaty сертификаттары иелеріне берілді. Бұл – команданың еңбегі мен жетістігінің айқын дәлелі.

Бағдарлама ерекше форматта ұйымдастырылды. Интерактивті әрі интеллектуалдық ойындар қатысушылардың қызығушылығын арттырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсіресе «Игра в кальмара» стиліндегі ойын студенттер арасында үлкен белсенділік тудырып, жарыстық рухты күшейтті.

Ең алдымен IT Innovation Lab жетекшісі — Бақытов Ертас Бекболұлына шынайы алғысымызды білдіреміз. Оның бастамашылдығы, кәсібилігі мен іске деген жанашырлығының арқасында осындай жоғары деңгейдегі іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ, IT командасына креативтілігі, жауапкершілігі және атқарған ауқымды еңбегі үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

IT Innovation Lab-тың ашылуы – Enactus 2026 жобасына дайындықтың жаңа кезеңінің бастауы болды. Алда – батыл идеялар, тың жобалар және жарқын жеңістер!

Біз инновация жолындағы қадамдарымызды нық сеніммен жалғастырамыз! 🚀
В нашем колледже состоялось долгожданное и яркое событие — торжественное открытие IT Innovation Lab!

Актовый зал в этот день превратился в настоящее пространство технологий, идей и вдохновения. IT Innovation Lab официально открыло новую страницу в развитии цифрового направления колледжа, объединив студентов и преподавателей, готовых к инновациям и большим проектам.

С приветственной речью выступила директор колледжа Хушкелдиева Сандугаш Бакбергеновна. Она тепло поддержала IT-команду, отметила значимость цифровых компетенций в современном мире и пожелала участникам уверенности, креативных идей и ярких побед.

Особым моментом мероприятия стало вручение сертификатов международных проектов — ENACTUS Kazakhstan National Expo 2025 и ENACTUS Kazakhstan Business Collaboration Forum Almaty. Это стало символом признания достижений и высокого уровня подготовки нашей команды.

Программа открытия была по-настоящему насыщенной. Интерактивные и интеллектуальные игры вызвали большой интерес у участников. Особый ажиотаж вызвала популярная игра в стиле «Игра в кальмара», которая добавила драйва, азарта и ярких эмоций. Атмосфера командного духа, смех и поддержка сделали мероприятие незабываемым.

В первую очередь выражаем искреннюю благодарность руководителю IT Innovation Lab — Бақытов Ертас Бекболұлы. Благодаря его инициативе, профессионализму и вовлечённости удалось организовать мероприятие такого уровня. Также благодарим всю IT-команду за креативность, ответственность и проделанную огромную работу.

Открытие лаборатории стало стартом формирования новой команды для подготовки к Enactus 2026. Мы начинаем этот путь с новыми силами, амбициозными целями и верой в большие достижения.

IT Innovation Lab — это движение вперёд, это идеи, которые становятся проектами, и проекты, которые становятся успехом. Впереди нас ждёт ещё больше инноваций и побед!