Колледжімізде "Бастауыш білім беру" курстық тобымен ашық сабақ жоғары деңгейде өтті!
Сабақ ерекше форматта ұйымдастырылып, заманауи әрі тиімді әдістер қолданылды. Студенттер түрлі тренинг элементтері, талдау тапсырмалары және топтық жұмыстар арқылы өз ойларын еркін жеткізіп, пәнге деген қызығушылықтарын көрсетті. Ашық сабақ мазмұнды, әсерлі және өте тартымды өтті.
Әсіресе қолданылған креативті тәсілдер мен интерактивті әдістер студенттердің белсенділігін арттырып, сабақты шынайы тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді.
Осындай әдемі әрі сапалы ашық сабақ ұйымдастырған педагогика және психология пәндерінің оқытушысы Айтжанова Анара Нұрболатқызына алғысымызды білдіреміз. Сіздің кәсібилігіңіз бен жаңашылдығыңыз – студенттер үшін үлкен мотивация!
Осындай мазмұнды сабақтар білім сапасын арттырып, болашақ мамандардың жан-жақты дамуына жол ашады ✨