Новости

Колледж есігі болашақ студенттерге ашылды

2026-02-03 14:00
Біздің колледжде Ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Аталған іс-шараға қала мен аудан бойынша 45 мектептен оқушылар келіп, колледж өмірімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды. Ашық есік күні болашақ талапкерлер үшін өте қызықты әрі пайдалы форматта өтті.



Іс-шара барысында қонақтарға колледждің оқу бағыттары, мамандықтары және білім беру мүмкіндіктері жан-жақты таныстырылды. Арнайы дайындалған презентация арқылы колледждің материалдық-техникалық базасы, оқу кабинеттері, тәжірибелік сыныптары мен студенттік өмірі көрсетілді. Оқушылар колледж аумағын аралап, оқу процесімен өз көздерімен танысты.
Сонымен қатар, келген мектеп оқушылары үшін қызықты ойындар мен түрлі белсенділіктер ұйымдастырылды. Ойындарға белсенді қатысқан оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, жеңімпаздарға біздің колледжге (КЖ) оқуға түскен жағдайда арнайы жеңілдіктер (скидкалар) табысталды. Бұл болашақ талапкерлер үшін үлкен мотивация болды.

Іс-шара соңында келген мектеп мұғалімдеріне колледж ұжымы атынан алғыс білдіріліп, ашық хаттар табысталды. Бұл — білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың белгісі болды.
Ашық есік күні колледж бен мектеп оқушылары арасындағы байланысты нығайтып, жастарға дұрыс мамандық таңдауға бағыт-бағдар берді. Осындай мазмұнды әрі әсерлі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз. Біздің колледж – болашаққа бастар сенімді қадам! ✨