Новости

«Медиация без границ» байқауында!

Алматы қаласы колледждері арасында өткен «Медиация без границ» байқауында құқықтану мамандығының 2 курс студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынға ие болды.

Байқау барысында қатысушылар құқықтық сауаттылықтарын, медиация саласындағы білімдері мен кәсіби дағдыларын таныстырып, өзара мықты бәсекеде бақ сынады. Біздің студенттер табандылық, жауапкершілік және командалық бірліктің үлгісін көрсетіп, лайықты жеңіске қол жеткізді.

Жүлдегер студенттер:

  • Жақсылық Жания Ерланқызы
  • Елдашева Диана Ялкунжановна
  • Толешова Леззет Сериковна

Студенттердің жетістікке жетуіне бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен жетекшілері:

  • Халимбетова Жансая Олжасқызы
  • Жамалбек Асқар Мұсабекұлы

Колледж ұжымы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейді.
Made on
Tilda